К 30-летию Независимости Казахстана | 03 мамыр 12:30

АМӨЗ сәуірде Қостанай үшін автогазды толық көлемде өндірді

Бүгінгі күні сұйытылған мұнай газының уақтылы төленген көлемі зауыттан өңірге жөнелтілді.

Қостанай облысының автожанармай құю бекеттерінде сұйытылған мұнай газының тапшылығы туралы БАҚ-та жарияланған кейбір жазбаларға қатысты «ҚазМұнайГаз» өңір үшін отынның бұл түрін жеткізетін негізгі екі компания – Атырау мұнай өңдеу зауыты (АМӨЗ, ҚМГ тобына кіреді) және CNPC-Ақтөбемұнайгаз екенін хабарлайды.

Жоспар бойынша сәуір айына сұйытылған газ өндіру көлемі 13 800 тонна белгіленсе, АМӨЗ осы айда 15 200 тонна өнім өндірді.

Өткен айда кәсіпорын жоспарға сәйкес Қостанай облысының тұтынушыларына 3924 тонна сұйытылған мұнай газын жеткізуі тиіс еді. Бүгінгі күні сұйытылған мұнай газының уақтылы төленген көлемі зауыттан өңірге жөнелтілді.