К 30-летию Независимости Казахстана | 10 мамыр 13:04

Анкара - Сивас бағытында жоғары жылдамдықты теміржол желісі іске қосылды

Түркиядағы ең ірі жобалардың бірі Анкара-Сивас арасындағы жоғары жылдамдықты теміржол желісі пайдалануға берілді, деп хабарлады Rail-news.kz.

Анкара-Сивас бағытындағы жүрдек пойыздар сағатына 250 шақырым жылдамдықпен жүреді және бұл маршрутта сегіз аялдама ғана қарастырылған.

Жаңа теміржол желісі Анкара мен Сивас қалалары арасындағы бұрынғы 603 км жолды 405 шақырымға қысқартып отыр, оған қоса жүру уақыты да азаяды.

Аталған теміржол желісінің құрылысы 2007 жылы бастау алған.