К 30-летию Независимости Казахстана | 17 сәуір 16:17

Ардагерлерге құрмет

Қасиетті Рамазан күндерінде «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының қызметкерлері «Жеңіс» жобасының аясында екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлеріне барды, деп хабарлады Samruk-Kazyna official.

Жоба аясында 35 елді мекенде тұратын екінші дүниежүзілік соғыс қатысушылары мен тыл еңбеккерлері қатарында болған 1 400 қарияға тұрақты түрде барып отыру, үйлері мен аулаларын жинауға көмек, жөндеу жұмыстарына қолғабыс жасау, азық-түлік, дәрі-дәрмек, тұрмыстық заттар сатып алу қарастырылған. Ерекше қажеттіліктері бар ардагерлерге өз алдына айрықша назар аударылып, қамкөңіл қарттар қажетті тұрмыстық техникамен, мүгедектік арбаларымен және есту аппараттарымен қамтамасыз етіледі.

 

Жобаны 2016 жылдан бері «Samruk-Kazyna Trust» қоры қаржыландырып келеді. 2022-2023 жылғы «Жеңіс» жобасының бюджеті 115 миллион теңгеден астам соманы құрайды.

Бұл жобаның ең құнды тұсы сол, жастар соғыстың сұрапыл жылдарынан өткен және екінші жаһан соғысының жеңісінен кейін елді қалпына келтіруге бар күшін салған аға буынмен жақын араласып, тағылымды әңгімелерін тыңдай алады.