К 30-летию Независимости Казахстана | 26 шілде 10:30

Аргентина күн энергиясымен жүретін туристік пойызды іске қосады

Қытайдың CRRC Tangshan компаниясы аккумулятормен жұмыс істейтін екі пойыздың бірін таныстырды, деп хабарлады Rail-news.kz.

Туристерді тасымалдауға арналған бұл пойыздар 2003 жылы ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұра тізіміне енгізілген Аргентинаның солтүстік-батысындағы Куебада-де-Хумахуака алқабында қатынайтын болады.

Джуджуй провинциясындағы жоба 1000 мм калибрлі Белграно темір жолының Вулкан-Тилкара бөлігінде жолаушылар ағынын қайта бастауға бағытталған. Ұзындығы 46 км учаскеде үш тақырыптық станция бар. Инфрақұрылымды қайта құру жұмыстары 2023 жылдың маусым айының басына дейін 70% орындалған.

2022 жылы тапсырыс берілген алты осьті, екі секциялы пойыздар литий-ионды аккумуляторлармен жабдықталған, оларды зарядтау үшін учаскедегі станциялардың біріне 6 МВт күн электр станциясы салынған.

 

Ең жоғары жылдамдығы сағатына 60 шақырымды құрайтын бұл пойыздарда жолаушылар үшін 72 отыру орыны бар. Провинция билігі туристік пойыздарды коммерциялық бағытта пайдалануды 2023 жылдың қазан айында бастауды жоспарлап отыр.