К 30-летию Независимости Казахстана | 04 қараша 08:30

Арқан тарту мұнайшылардың ынтымағын арттырды

Қаражанбаста мұнайшылардың жұмыстан тыс уақытын тиімді өткізіп, әріптестік байланысты нығайтуға ерекше көңіл бөлінеді.

Осы мақсатта №1 мұнай өндіру цехы ауыр жұмыс күнінен соң ұлттық ойыннан сынға түсті. Арқан тарту жарысына цех бригадаларынан 7 құрама команда қатысты.

Сайыс алдында цех басшылығы жұмысшыларға сәттілік тілеп, командалық рухты арттыру жолынағы шараға белсенділік танытқаны үшін алғыс білдірді. Арқан тарту – қара күшпен қатар, команда бірлігін талап ететін жарыс. Сондықтан ойын кезінде қатысушылардың бір-бірін сөзсіз әрі тез түсінуі аса маңызды. Жанкүйерлер әр кезеңді ерекше қошеметпен қолдап, ойыншыларға жасымас жігер сыйлады. Осылайша сайыс кедесулері жарқын сәттермен есте қалды.

 

Бағы мен бабын сарапқа салғандар арасында «33а ПТВ» командасы үздік үштіктен көрінді. ІІ орын цех кеңсесінің командасына бұйырды. Қарсыластарынан оқ бойы озық шыққан «12 ВВГ» командасы І орынға ие болып, цех чемпионы атанды. Жүлдегерлер мен жеңімпаздарға дипломдар мен кубоктар табыс етілді.