К 30-летию Независимости Казахстана | 25 қаңтар 08:50

Арсен Байхарашев Karaton Operating Ltd бас директоры болып тағайындалды

Арсен Байхарашев бұған дейін «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ мұнай және газ өндіру департаментінің өндіру активтері басқармасының бастығы қызметін атқарды.

Арсен Байхарашев — жоғары білімді, 2011 жылы Лондонның (Ұлыбритания) «HULT American International University of Business» университетін «Бизнес әкімшілендіру және Менеджмент» мамандығы бойынша озық бітірген.

Еңбек жолын 2011 жылы «ҚазМұнайГаз Барлау-Өндіру» АҚ, «Орал ойл энд газ» ЖШС, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ әр түрлі қызметтерден бастады.

«Karaton Operating Ltd» компаниясы ҚазМұнайГаздың еншілес ұйымы.