К 30-летию Независимости Казахстана | 19 қараша 13:44

Арыс рационализаторлары алда

Шымкент жүк тасымалы бөлімшесі бойынша аймақтағы вагон шаруашылығының бары мен жоғын түгендейтін бірден бір мекеме – Арыс вагон пайдалану депосы.

Құрамында алты техникалық қызмет көрсету пункті мен 12 бақылау бекеті және де алты ағымдағы ағытып жөндеу нысаны бар депоның қызмет көрсету аумағы 2578 шақырымды құрайды.

Жыл басынан бері Арыс вагон пайдалану депосы жоспарлы тапсырманы артығымен орындап отыр. Он айлық көрсеткіш ойдағыдай. Бір ғана Сарыағаш мемлекетаралық түйісу станциясынан 6030 пойыз өткізіліп, 5936 пойыз қабылданған. Ағымдағы ағытып жөндеу пунктінен осы аралықта 4196 вагон жөнделіп шықты. Бұл өткен жылдарға қарағанда депоның еңбек өнімділігі өскенін көрсетеді.

Пойыздар қозғалысының қауіпсіздігін сақтауды арттыруға айрықша үлес қосып жүрген вагоншылар аз емес, бірқатары «Адал еңбегі үшін», «Қозғалыс қауіпсіздігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Ал рационализаторлық ұсыныстар беруде Арыс вагон пайдалану депосы бөлімше бойынша көш басында тұр.

«Өткен жылдардың қорытындысы бойынша Шымкент ЖТ бөлімшесінен Арыс вагон пайдалану депосының вагон қараушысы Исламхан Алтаев ең белсенді рационализатор атанып отыр, – дейді Шымкент ЖТ техникалық бөлімінің басшысы Талғат Якупов.

Жансая Сыдықбай,

Дереккөз: Қазақстан теміржолшысы