К 30-летию Независимости Казахстана | 27 маусым 15:46

Арыста теміржол жұмыс істей бастады

Арыс станциясындағы бас жолдарда қозғалыс қалпына келтірілді деп хабарлайды "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі. 

Ағымдағы жылдың 26 маусымында теміржолдар оқ-дәріден тазартылып, жөнделіп, байланыс желісіне кернеу берілген соң мына телімдерде: Арыс-Талдықұдық – жұп жол бойынша, Шағыр-Талдықұдық – тақ жол бойынша, Қалаш-Арыс-2 – жұп және тақ жол бойынша, Ақдала-Арыс-2 – жұп жол бойынша  қозғалыс ашылған. 

 Алғашқы №369 «Новосибирск-Ташкент» жолаушылар пойызы 26 маусымда Шымкент станциясынан 22 сағат 30 минутта жөнелтілген.

Атап өтерлігі, Арыс станциясы тек басты жолдармен жүру үшін ашық. Сұрыптау және қабылдап-жөнелту жолдары қозғалыс үшін әлі жабық.

26 маусымнан 27 маусымға қараған түні Арыс станциясы бойынша 23 пойыз өткізілген, оның ішінде 7 жолаушы, 8 контейнерлік, 8 жүк пойызы.

Қазіргі уақытта кестеге пойыздарды енгізу бойынша барлық қажетті шаралар қабылдануда.