Биыл қараша-желтоқсан айларында демонтаж жұмыстары басталып, кейіннен жаңа жабдық орнатылатын болады. Қазіргі уақытта зауыт өтініштер мен келісімшарттар бойынша жол-құрылыс компанияларын битуммен қамтамасыз етіп отыр.
Асхат Хасенов кәсіпорында жүргізілетін жұмыстарды 2025 жылы жол-құрылыс маусымы басталғанға дейін аяқтау маңызды екенін атап өтті.
Ақтау битум зауыты 2024 жылдың 8 айында 514 мың тоннаға жуық мұнай өңдеп, 192 мың тоннадан астам жол битумын өндірді.