К 30-летию Независимости Казахстана | 17 шілде 12:37

Асхат Хасенов ҚМГ-ның Маңғыстау облысындағы еншілес кәсіпорындарымен жиын өткізді

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов Маңғыстау облысына іссапары барысында ҚМГ-ның өңірдегі мұнай өндіру ұйымдарының өндірістік мәселелері бойынша жиын өткізді.

«Өзенмұнайгаз» АҚ, «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ және Dunga Operating компаниялары қатысқан жиын Жаңаөзен қаласында, Өзен кен орнында өтті.

ӨМГ, ММГ және ҚБМ басшылары кәсіпорындардың өндірістік қызметі мен жоспарлы көрсеткіштерді орындау барысы,  экологиялық мәселелер, өндірістік қауіпсіздікті сақтау, сондай-ақ еңбек ұжымдарында әлеуметтік тұрақтылықты қолдау шаралары бойынша ақпарат ұсынды.

ҚМГ басшысы жиын барысында мұнай өндіруші компаниялар басшылығының алдына өндірістік жоспарды орындау, қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жарақаттану деңгейін төмендету бойынша бірқатар міндет қойды. А.Хасенов Өзен және Қарамандыбас кен орындарын оңалту жобасы бойынша іс-шараларды уақтылы іске асырудың маңызын баса айтты.