К 30-летию Независимости Казахстана | 09 сентября 16:51

Асхат Хасенов: Өндірістің экологиялық тиімділігін арттыру маңызды

Астанада ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты — Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің төрағасы Еділ Жаңбыршин, «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов «Shanghai Maijieke Investment Management» компаниясының бизнес жөніндегі президенті Линь Лучун бастаған Қытайдың іскер топтарының делегациясымен кездесу өткізді.

ҚХР делегациясының құрамында тау-кен өндіру секторында, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау, көміртегі ізін азайту салаларындағы жобаларды іске асыратын инвестициялық және технологиялық бизнес-құрылымдардың өкілдері бар.

Кездесуде мұнай қалдықтарын өңдеу, суды қайта пайдалану мен тазарту мәселелері талқыланды. А.Хасенов атап өткендей, тұрақты даму, қоршаған ортаға кері әсерді азайту және өндірістің экологиялық тиімділігін арттыру — бұл ҚазМұнайГаздың маңызды басымдықтары.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар тәжірибе және технологиялармен алмасу бағытындағы ынтымақтастықты нығайтуға, сондай-ақ ҚМГ-ның өндіріс алаңдарында ортақ пилоттық жобаларды іске асыру мүмкіндігін қарастыруға дайын екенін білдірді.