«Өзенмұнайгаз» АҚ өндірістік мәселелеріне арналған жиналыста ҚМГ басшысы 2024 жылға мұнай өндіру жоспарының орындалуы бойынша есепті тыңдады. Атап айтқанда су айдау жұмыстары, ұңғымаларды жөндеу және геологиялық-техникалық шаралар, сондай-ақ кен орнын оңалту жобасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстарға ерекше назар аударылды.
ҚМГ басшысы сондай-ақ ҚазГӨЗ басшылығымен, құрылыс дирекциясымен және мердігерлер консорциумымен кездесті. Жиын барысында ҚазГӨЗ-дің өндірістік-шаруашылық қызметі мен Жаңаөзенде жаңа газ өңдеу зауытын салу жобасы талқыланды.
Жиналыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар берілді.