Жиын барысында кәсіпорын қызметінің, өндірістік бағдарламаны орындаудың негізгі аспектілері талқыланып, келесі жылға арналған жоспарлар қаралды. Сонымен қатар ҚМГ басшысы зауыт басшылығына технологиялық жану мен шығындарды азайту, экологиялық талаптар мен нормаларды мүлтіксіз сақтау мәселелеріне қатысты нақты міндеттер жүктеді.
Асхат Хасенов Шымкент мұнай өңдеу зауытының тұрақты әрі үздіксіз жұмыс істеуінің, сондай-ақ ПҚОП-тың өндірістік қуатын 12 млн тоннаға дейін кеңейту жобасы бойынша CNPC-мен ортақ жұмысты жеделдетудің маңызын атап өтті.