Кездесуге кәсіподақ төрағалары, басқармаға қарасты цех басшылары мен І вахта ауысымының еңбек ұжымы қатысты.
Қызметкерлер көлік басқармасының автопаркін белсенді жаңарту, еңбек жағдайын жақсарту, жаңа бокс салу, қызметкерлерді штаттан қысқартпау сияқты өзге де еңбек мәселелерін талқылады.
ҚБМ Басқармасы жұмысшыларға ТКБ-дағы қордаланып қалған мәселелерге интеграциядан ерекше көңіл бөлініп келе жатқанын атап өтті. Сондай-ақ басшылық мұндай жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатынын жеткізді.
Ашық диалог кезінде көлік қызметкерлері өз сұрақтарын қойып, Басқармадан нақты әрі толық жауап алды. Пікірлер мен ұсыныстар тыңдалғаннан кейін, қос тарап шешім қабылдау үшін хаттама толтыратын боп келісті.
ҚБМ Басқармасы талқыланған еңбек мәселелері жұмыс тәртібімен шешімін табатынын, бұл тұрғыда басшылық барлық аспектілерді жан-жақты қарау және ескеру принципін ұстанатынын атап өтті.