Альфия Адиева «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қорының қызметі соңғы жылдары жаңа жолға түскенін әңгімеледі. Бұрын «Самұрық-Қазына» қорының компаниялары өз алдына жеке-жеке қайырымдылық қолдау шараларымен айналысса, енді бірыңғай оператор ретінде «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бекітілген.
«Samruk-Kazyna Trust» қоры 2016 жылы өзінің қаражатты бөлу жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізді. Біз тек үкіметтік емес ұйымдармен жобаларды қаржыландыру бағытында жұмыс істейміз. Яғни, жеке адамдарға, жеке кәсіпкерлерге не мемлекеттік органдарға біз қаражат бермейміз. Мұның бәрі біздің ережелерімізде жазылған», – деп атап өтті Альфия Адиева.
Өз кезегінде Мәжіліс депутаты Samruk-Kazyna Trust қорының танымалдығын арттыру қажеттігіне тоқталды.
Эфирдің толық нұсқасын Samruk-Kazyna қорының YouTube арнасынан тамашалаңыздар: