«Қаланы қосымша көлемде жылумен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін өткен жылдан бастап екі газ жылу станциясының құрылысы басталған.
Елорданы аралау барысында «Тұран» және «Оңтүстік-Шығыс» газ жылу станцияларының құрылысымен таныстым. Олардың қуаты құрылысы ұзаққа созылған ЖЭО-3-тен асып түседі.
Бұл газ жылу станцияларын ағымдағы жылыту маусымында кезең-кезеңімен іске қосуды жоспарлап отырмыз.
Сонымен қатар мердігерге ЖЭО-3 құрылысын биыл аяқтау міндеті жүктелді. Осы шаралардың бәрі жылумен жабдықтау көлемін едәуір ұлғайтуға, сол сияқты болашақта құрылыс жұмысы жүретін аудандарды жылумен қамтуға мүмкіндік береді», - деп жазды елорда әкімі.