Қазіргі кезде ұшып келуі тиіс 13 рейс, ұшып кететін – 6 рейс кешігіп жатыр.
Рейстердің кешігуіне ауа райы жағдайы мен осыған байланысты әуе кемелерінің кеш ұшуы себеп болған. Әуежайда, соның ішінде ұшып-қону жолағында қар тазалау жұмысы үздіксіз жүріп жатыр.
Жолаушылар соңғы ақпаратты call-орталықтардан, сондай-ақ анықтама бөлімдерінен ала алады.