Сонымен қатар, Михаил Гурман, жас кезінде қызылордалық "Орбита", алматылық "Қайрат", павлодарлық "Жетісу", қарағандылық "Шахтер" және Талдықорғанның "Жетісу" командаларында ойнаған.
Жаңа басшыны таныстыра отырып, Президенттік кәсіби "Астана" спорттық клубының бас директоры Асқар Баталов, жауапты орынға бірнеше шетелдік және отандық үміткер қарастырылғанын айтты. Сонымен қатар, ол, бас серіктес "Самұрық-Қазына" қорының тек клубты қаржыландырумен айналысатынын, спорттық қызмет пен тиісті тағайындауларға араласпайтынының маңыздылығын атап өтті. Осы орайда, "Астана" футбол клубының алдына, Еуропа лигасының топтық кезеңіне өту міндеті қойылуда.