Кабинеттерде емдік дене шынықтыру залы, қыш шеберханасы, сондай-ақ логопед, дефектолог және психолог мамандарға арналған арнайы кеңістіктер қарастырылған.
Жоба «Самұрық-Қазына» компаниялар тобы атынан «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қоры арқылы жүзеге асырылады. Сыныптар Charity Samruk Marathon қайырымдылық марафонында жиналған қаражат есебінен жабдықталды.