К 30-летию Независимости Казахстана | 24 июля 12:47

«Астана-Павлодар» қала маңы электр пойызының қозғалыс кестесі жаңартылды

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Астана-Павлодар» бағытындағы №7502/7501 қала маңы электр пойызының қозғалыс кестесіне өзгеріс енгізілгенін хабарлайды. Бұл өзгеріс жолаушылардың жайлы қатынауын қамтамасыз етіп, пойыздан кейін түнгі сағат 00:00-ге дейін жүретін қалалық көлікке дер кезінде ауысуға мүмкіндік беру үшін енгізілді.

Енді электр пойыз Астанадан сағат 16:20-да жүріп, Павлодарға сағат 22:59-да жетеді. Кері бағытта Павлодардан сағат 08:05-те жолға шығып, Астанаға сағат 15:15-те келеді.

Пойыз құрамында 6 вагон бар және ол күн сайын қатынайды. Жолаушыларға 1-, 2- және 3-санатты вагон қызметін таңдауға мүмкіндік беріледі.

Вагондарда кондиционерлер, ауа тазарту жүйесі, биодәретханалар, жайлы орындықтар және Vputi.kz медиапорталына қосылуға мүмкіндік беретін тегін Wi-Fi желісімен жабдықталған.

Қала маңы пойыздарына билеттерді жолға шығатын күннен 10 тәулік бұрын сатып алуға болады. Билеттерді комиссиясыз https://bilet.railways.kz сайтынан немесе теміржол вокзалдарындағы «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан алуға болады.