Елордалық теміржол вокзалдарының дайындығы жоғары. Шанхай ынтымақтастық ұйымын өткізу шеңберінде теміржол бекеттері штаттық режимде жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда теміржол көлігі Астана-1 станциясынан 23 бағыт бойынша тәулігіне 11 мыңға жуық жолаушыны, ал «Нұрлы жол» теміржол вокзалы бойынша тәулігіне 8 мың жолаушыны 19 маршрут бойынша тасымалдауда. Вокзалдар кешенді қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталған.