Семинардың жұмысына Дүниежүзілік пошта одағының Халықаралық бюросының, Байланыс саласындағы өңірлік достастықтың, РostЕurope пошта операторлары қауымдастығының өкілдері, Шығыс Еуропа, Кавказ және Орталық Азия пошта қызметтерінің өкілдері қатысады.
Халықаралық семинардың мақсаты – пошта желісіндегі жеткізудің тиімділігін арттыру, ұлттық пошта операторларына барлық қолжетімді АТ құралдарын, соңынан бастап соңына дейін (E2E) жүйелерін, операциялық процестерді модернизациялауға көмектесу.
Оқыту E2E жеткізу сенімділігін арттыру арқылы электрондық коммерция нарығының одан әрі өсуіне ықпал ететін операциялық шешімдерді енгізуге бағытталған. Оқыту нәтижелері ашық электрондық хабар алмасуға және уақтылы шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді.
Электрондық коммерцияны дамыту Қазақстан үшін тауарларды өткізудің жаһандық ресурстары бар халықаралық нарықты, сапалы өнімге қолжетімділікті, қолма-қол ақшасыз қаржы құралдарына көшу мүмкіндігін береді.