Шараға «Самұрық-Қазына» АҚ, Энергетика министрлігі, «Самұрық-Энерго» АҚ мен салалық қауымдастықтардың басшылығы қатысты. Салтанатты жиында топтың үздік энергетиктері — өндірістік бөлімшелер мен электр станцияларының өкілдері марапатталды. Марапаттардың бірқатарын «Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов табыстады. Қор басшысы сала қызметкерлеріне жоғары кәсібилігі, жауапкершілігі және елдің энергетикалық жүйесінің тұрақты әрі сенімді жұмысын қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
«Самұрық-Энерго» АҚ компаниялары тобының қызметкерлері:
Көпжылдық адал еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның «Құрметті қызметкері» атағымен; Энергетика саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Құрмет грамотасымен; Қызметтегі міндеттерін үлгілі атқарғаны және мамандығына адалдығы үшін «Самұрық-Қазына» АҚ-ның Алғыс хатымен марапатталды.Марапат алғандар қатарында энергетикалық блоктар мен турбиналық жабдық машинистері, электр монтері, слесарь, отын-көлік және жөндеу цехінің мамандары, сондай-ақ компаниялар тобының басқарушы және корпоративтік қызметкерлері бар.
Салтанатты рәсім Қазақстан экономикасы үшін стратегиялық маңызы бар «Самұрық-Энерго» АҚ мамандарының еңбегіне көрсетілген лайықты құрмет болды.