Екі күндік форум барысында оған қатысушылар Астана іргесіндегі Индустриалдық паркке экскурсияға барып, ондағы қоныс тепкен зауыттарда болып, теміржолдың машинажасау өндірісімен танысатын болады.
Жалпы іс-шара кезінде Қазақстанның көлік инфрақұрылымын дамыту перспективалары мен соңғы жетістіктері таныстырылатын болады. Әсіресе форумда көтерілетін өзекті тақырыптардың бірі – Транскаспийлік халықаралық көлік бағдарын дамыту мәселесі болмақ, осы ретте теңіз және теміржол тасымалы, порттар мен терминалдар салу мәселесі кеңінен талқыланады.
Сонымен қатар Қазақстанның экспорты бойынша негізгі бағыттарға, атап айтқанда астық, тау-кен, мұнай өнімдері, тыңайтқыштар экспорты мен олардың көлік инфрақұрылымын дамытуға ықпалы туралы сөз болады.
Форум кезінде өтетін конференцияда негізінен көтерілетін тақырыптар халықаралық теміржол тасымалдары, жаңа қызметтер мен бағдарлар, Қазақстандағы теміржол тасымалы бойынша тариф саясаты болмақ. Сонымен қатар Қытаймен арадағы жаңа сауда бағдарларын салудың экономикалық және геосаяси жақтары сөз болады деп жоспарлануда.
Райхан Рахметова
Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"