К 30-летию Независимости Казахстана | 16 маусым 10:03

Астанада Қазақстан мен ТМД ардагер-энергетиктерінің форумы өтті

Астанада электр желілері компанияларының басшылары мен салалық мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен Қазақстан және ТМД ардагер-энергетиктерінің форумы өтті. Қазақстан энергетикасы ардагерлері, сондай-ақ Беларусь, Қырғыз және Ресейден келген әріптестер электр энергетикасы саласының өзекті мәселелерін талқылау үшін жиналды.

Форум барысында «КЕGOC» АҚ Басқарма төрағасы Қаныш Молдабаев қатысушыларды Қазақстанның электр энергетикасы саласының ағымдағы жағдайымен таныстырды, сондай-ақ «КЕGOC» АҚ-ның келешектегі даму жоспарлары туралы баяндады.

KEGOC басшысы алдағы бірнеше жылда салада электр энергиясы мен қуаттың тапшылығы болатынына назар аударды. Болжамды тапшылықты жабу мақсатында Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі 2035 жылға дейінгі ҚР энергетикалық балансын бекіткен болатын. Ол қолданыстағы қуаттарды жаңғырту және жаңа өндіруші қуаттарды салуды, сондай-ақ «KEGOC» АҚ энергетикалық байланыстарды күшейту жобаларды салуды және Батыс аймақты Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен біріктіруді көздейді.

Отырыс соңында бірқатар ардагерлер «Ардагер энергетик ҚЭА» белгілерімен, сондай-ақ ҚЭА құрметті атақтарымен және грамоталарымен марапатталды.