Форумда сөз сөйлеген «ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ Басқарма төрағасы Асхат Хасенов бүгінде ҚМГ компаниялар тобында 15 мыңнан астам жас маман еңбек етіп жатқанын атап өтті. Компания жұмысшы мамандықтар мен заманауи дағдыларды меңгеруге баса назар аудара отырып, кадрларды даярлау және олардың біліктілігін арттыру жүйесін дамытуды жалғастырып келеді.
Сондай-ақ Vibe Coding және ЖИ-агенттерді әзірлеу бойынша оқулар өтеді.
Екі күн бойы қатысушылардың белсенділігі мен практикалық дәрістердегі нәтижелері бағаланады. Форум қорытындысы бойынша үздік 100 маман ҚазМұнайГаздың жас көшбасшылары қатарына еніп, оқу процесін жалғастыру мүмкіндігіне ие болады.
— Жалпы OiLeaders бағдарламасына қатысуға 435 адам өтінім берді. Бұл — жастарымыздың дамуға, жаңа идеялар ұсынуға және көшбасшылық қасиеттерін жетілдіруге деген ұмтылысының айқын көрінісі, — деп түйіндеді ҚМГ басшысы.