Кездесу барысында Қазақстан мен Румыния арасында энергетика саласындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері, атап айтқанда, «KMG International» тобының құрамына кіретін румындық Rompetrol компаниясының қызметіне қатысты мәселелер талқыланды.
Өндіріс тиімділігін арттыруға және жаңа экологиялық стандарттарға бейімделуге бағытталған жобаларға ерекше назар аударылды.
Сондай-ақ тараптар диалогты жалғастыруға және экономикалық ынтымақтастықты өзара дамытуға ықпал ететін ортақ бастамаларды іске асыруға қызығушылық білдірді.
«KMG International» — ҚМГ-ға қарасты халықаралық мұнай компаниясы. Ол қызметін Еуропаның, Орталық Азияның және Солтүстік Африканың 15 елінде жүргізеді. Компания жұмысының негізгі бағыттарына мұнай өңдеу, маркетинг, сауда, барлау және өндіру кіреді. KMG International-дың маңызды активі - Румыниядағы Petromidia мұнай өңдеу зауыты. Ол Қара теңіз аймағындағы ең озық және ірі кәсіпорын болып саналады.