Атап айтқанда - Сиань қаласында жүк терминалы құрылысының ағымдағы мәртебесі; маршруттарда тиеуді қамтамасыз ету және теміржол контейнерлік тасымалдарын ынталандыру, сондай-ақ Алматы қаласында қойма логистикалық терминалын салу жөніндегі жобаны іске асыру және басқалар.
Кездесу аясында "KTZ Express" AO мен Xian Free Trade Port Construction and Operation Co,Ltd арасында Стратегиялық ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Xian Free Trade Port Construction and Operation Co.,Ltd компаниясының бас директоры Юань Сяоцзюнь бірлескен көліктік-логистикалық ынтымақтастықты іске асыру Қазақстанға да, Қытайға да айтарлықтай экономикалық әсер әкелетінін атап өтті.