«Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы шара қатысушыларына геологиялық барлау және өндіру жобалары бойынша ықтимал әріптестік перспективасын таныстырды. Маркетинг жөніндегі менеджер Дәулет Әлиасқаров өз баяндамасында компанияның ағымдағы жобалары туралы айтып, «Тау-Кен Самұрық» серіктестер мен инвесторларға өзара іс-қимылдың бірнеше механизмін ұсынатынын атап өтті.
Конгрестің бірінші күніндегі ой-талқының нәтижесі тез өзгеретін жағдайда саланың тұрақты дамуы үшін нарыққа ірі қатысушылардың күш-жігерін біріктіру қажет деген пікір болды.