К 30-летию Независимости Казахстана | 14 қыркүйек 14:33

Астанада «New Silk Way» халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумы өтеді

Осы жылдың 4 қазанында Гейдар Алиев, 14 мекенжайында орналасқан Hilton Astana қонақ үйінде «NEW SILK WAY» VI Халықаралық көліктік-логистикалық бизнес-форумын (бұдан әрі - Бизнес-форум)  өткізу жоспарланып отыр.

Іс-шара ағымдағы жылдың 4-6 қазан аралығында Астана қаласында «Translogistica Kazakhstan 2023» 26-шы Халықаралық көрмесі, Мәңгілік Ел даңғылы 53/1 мекенжайында орналасқан «EXPO» халықаралық көрме орталығының алаңында өтеді.

Бизнес-форум Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ қолдауымен өткізіледі. Іс-шараның негізгі тақырыбы: «Мультимодальды тасымалдау трендтері».  

 

Форумда сарапшылар мен қатысушылар көлік жүйелерінің ынтымақтастығы мен интеграциясы, Орта дәліз бағытын дамыту, сондай-ақ мультимодальды тасымалдау саласындағы жаңа технологиялар мен инновациялар, жүктерді тасымалдау тиімділігін арттыру және жеткізу жағдайларын жақсарту мәселелерін талқылайды.

Іс-шараға уақтылы тіркелу үшін 2023 жылдың 4 қыркүйегіне дейін қатысуыңызды растауыңызды сұраймын.

Бизнес-форум туралы толық ақпаратпен «KAZLOGISTICS» СТК сайтында https://kazlogistics.kz/ru/events/10 сілтемесіне өтіп, танысуға болады.