К 30-летию Независимости Казахстана | 11 августа 11:23

Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ компаниялар тобының XI Спартакиадасы өтті

Астанада үш күн бойы жарқын эмоцияға, тартысты бәсекеге және нағыз командалық рухқа толы спорттық сайыстар өтті. Оған еліміздің түкпір-түкпірінен келген «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының спорт сүйер 1 500-ге жуық қызметкері қатысты.

Қатысушылар спорттың 14 түрінен бақ сынап, күш-жігері мен шеберлігін, қайсарлығы мен жеңіске деген ұмтылысын көрсетті. Спартакиаданың жалпы командалық есебі бойынша: 

1-орын — «Қазақстан темір жолы» 2-орын — «ҚазМұнайГаз» 3-орын — Samruk United және «Самұрық-Энерго»

Барлық жүлдегерлер мен қатысушыларды құттықтаймыз!

Тамаша ойын көрсеткен әр командаға, спортшыларға ерекше қолдау білдірген жанкүйерлерге және бірлік пен өзара қолдауға толы ерекше атмосфера қалыптастырған барша қатысушыға алғысымызды білдіреміз!

Бұл Спартакиада — тек спорттық жарыс емес, бір мақсатқа жұмылған үлкен команданың күшін көрсеткен жарқын мереке болды.