Астанада биыл екінші жыл қатарынан «Самұрық-Қазына» компаниялар тобының өнерпаз қызметкерлері арасында КТА форматындағы корпоративтік «SK Әзіл Fest» фестивалі өтті.
ҚазМұнайГаз, KEGOC, Қазақтелеком, Қазатомпром, Samruk United командалары сахнада тапқырлық пен шеберлікті ұштастырып, әзіл арқылы қоғамдағы маңызды мәселелерді көтерді.
Ойын қорытындысы бойынша «ҚазМұнайГаз» командасы жеңіске жетті. «Қазатомөнеркәсіп» екінші, ал «KEGOC» командасы үшінші орынды иеленді.
«SK Әзіл Fest» – әзіл мен шығармашылықты әлеуметтік бастамалармен ұштастырып, ерекше қажеттіліктері бар балаларды қолдауға арналған алаң. Былтыр өткен фестивальдан түскен қаражатқа наурыз айында Астана қаласындағы №53 мектепте инклюзияны қолдау сыныбы ашылған болатын. Биыл да жиналған қаражат қайырымдылыққа бағытталмақ.