К 30-летию Независимости Казахстана | 23 мамыр 11:35

Астанада теміржолшылар саябағы салынады

Елордада теміржолшылар саябағы пайда болатын болды. Өткен сенбіде оның құрылысына салтанатты жағдайда рұқсат берілді.  

«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ аппарат жетекшісі Серік Кеулімжаев пен Астана қаласына қарасты Есіл ауданының әкімі Асылбек Есенбаев қалыптасқан дәстүрге сай болашақ саябақтың қала тұрғындары игілігіне қызмет етуіне тілектестіктерін білдіріп, жаңа құрылыстың іргетасын қалады.  

Саябақ теміржол магистралінің елорданы салуға қосқан сүбелі үлесінің символы және қала тұрғындары мен қонақтарының денсаулықтары үшін уақыттарын пайдалы өткізетін жайлы да демалу орны болмақ.  

 

Сұлугүл Бакесова

Дереккөз: "Қазақстан теміржолшысы"