«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ қолдауымен «ҚР үздік дефектоскописі» республикалық байқауы өтті.
Жұмысшы мамандықтар жылы аясында ұйымдастырылған конкурс өндірістік нысандардағы қауіпсіздік пен сенімділік деңгейін арттыруға, мамандардың кәсіби деңгейін көтеруге, жас мамандар тартуға және мұнай-газ саласы өкілдері арасында тәжірибе алмасуға бағытталған.
Байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 300-ден астам маман қатысты. Жарыс екі кезеңнен тұрды:
теориялық (бұзбай бақылау әдістері мен білім стандарттарын тестілеу); тәжірибелік (заманауи жабдықтармен жұмыс және орын алған ақауларды талдау).Финалға 64 қатысушы өтті, олардың ішінде ҚМГ еншілес ұйымдарының 17 қызметкері бар: «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, «Өзенмұнайгаз» АҚ, «Қаражанбасмұнай» АҚ, «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС, «ҚазТрансОйл» АҚ және «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» ЖШС.
Финалистер аккредитацияланған оқу орталығында біліктілікті арттыруды жалғастыруға және бұзбай бақылау саласында сертификаттаудан өтуге мүмкіндік алды. Іс-шара қатысушылардың кәсіби жоғары деңгейін көрсетіп қана қоймай, сонымен қатар дефектоскопист мамандығын танымал етуге және салаға жас мамандарды тартуға ықпал етті.