К 30-летию Независимости Казахстана | 23 июля 11:37

Астанадағы ерте араласу орталығында жыл сайын шамамен 600 балаға қызмет көрсетіледі

«Қамқорлық» ерте араласу орталығы «Самұрық-Қазына» компаниялары тобының бірыңғай қайырымдылық операторы – «Samruk-Kazyna Trust» корпоративтік қорының қолдауымен 2022 жылы ашылған. Бұл – Қазақстандағы үш жасқа дейінгі балалардың дамуындағы бұзылыстарды ерте анықтап, қажетті көмекті дер кезінде бастауға мүмкіндік беретін алғашқы орталықтардың бірі.

Балалармен мультидисциплинарлық мамандар тобы заманауи диагностикалық құрал-жабдықтарды пайдалана отырып жұмыс істейді. Орталықтың барлық қызметкері қажетті кәсіби даярлықтан өткен.

 

Бүгінде қордың қолдауымен ел бойынша ерте араласу бағытындағы 20 «Қамқорлық» орталығы жұмыс істеп тұр. Бұл мамандандырылған көмектің отбасылар үшін қолжетімділігін арттырып, сапалы қызметті тұрғылықты жерге жақын жерде алуға және оңалтуды дер кезінде бастауға мүмкіндік береді. Орталықтың барлық қызметі тегін.

Қызметті алу үшін ата-аналар тұрғылықты жері бойынша емханадағы невропатолог дәрігерге жүгініп, орталыққа жолдама алуы қажет. Жалпы, қордың қолдауымен елімізде 55 оңалту орталығы және 31 инклюзияны қолдау кабинеті жұмыс істейді.