Оның айтуынша, "Сарыарқа" газ құбырын салып біткеннен кейін, елордада газ тарату желісі құрылысына кіру жоспарланып отыр. Осы орайда, ең бірінші кезекте, экологиялық ахуалы нашар аудандарға ден қойылмақ.
Министрдің сөзіне қарағанда, астанада жылына 4 миллион тоннаға жуық күлі көп көмір жағылуда. Жеке үйлерде, тіпті, жағдайға қарай қалдық резеңке өнімдер де пешке тоғытылатыны жасырын емес.
"Газбен қамту оңай емес, ұзақ уақытқа созылатын күрделі үдеріс. Мысалы жаңа аудандар мен үйлер қосылып жатқандықтан, Алматыда әлі жалғасып келеді. Алайда, Нұр-Сұлтанда, Көктал мен Оңтүстік-Шығыс сияқты негізгі түйткілді шағын аудандарға жақын арадағы екі-үш жылда газ берілетін болады", - дейді Мағзұм Мырзағалиев.
Еске салар болсақ, бұған дейін "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ" АҚ Басқарма төрағасы Ахметжан Есімов "Сарыарқа" газ құбыры құрылысын өз уақытын кешіктірмей аяқтауды тапсырды.