Сатып алынған техника жарақаттар мен сүйек-бұлшықет жүйесі ауруларының салдарынан болатын асқынуларды азайтуға көмектеседі.
Салтанатты рәсімге Қор басшысы Нұрлан Жақыпов пен Денсаулық сақтау вице-министрі Ержан Нұрлыбаев қатысты.
«Жылына тірек-қимыл аппаратының жарақаттары мен ауруларынан зардап шегетін 8 мың азаматымыз енді едәуір сапалы, жоғары деңгейдегі медициналық көмек алады. Жаңа жабдық медициналық орталық жұмысының тиімділігін арттыруға сеп болады деп сенемін», – деді Нұрлан Жақыпов құттықтау сөзінде.
Сондай-ақ, ол корпоративтік әлеуметтік жауапкершілік аясында Қор адамдардың денсаулығын жақсартуға және өмір сүру сапасын арттыруға ерекше көңіл бөлетінін еске салды.