Пойыз аптасына екі рет: астанадан – жексенбі, бейсенбі сайын, Достық станциясынан – дүйсенбі және жұма сайын қатынайды. Пойызға 346 жолаушы сияды.
Бағдардың Астанадан Алакөлге дейінгі ұзындығы 1399 км. Пойыз жолда - 21 сағ. 45 мин.жүреді. «Тальго» пойызы Алакөлге жетудің оңтайлы жолы. Вагондар ауа желдеткіш,биодәретхана,розеткамен жабдықталған. Жолаушылар үшін vputi.kz мультимедиялық ойын-сауықтық порталы қолжетімді. Пойызда ерекше қажеттілігі бар жандар үшін гранд класындағы вагондар, вагон-бар және вагон-мейрамхана қарастырылған. Билет құны вагон класына қарай 17 мың теңгеден басталады.
Ал оңтүстік астанадан Алакөлге дейін «Тальго» вагондарынан құралған екі жолаушылар пойызы қатынайды:
- №211/212 «Алматы-Достық» (346 жолаушылар орны бар) күнара: Алматыдан - жұп күндері, Достықтан - тақ күндері;
- №253/254 «Алматы-Достық» (276 жолаушылар орны) күнара: Алматыдан - тақ күндері, Достықтан - жұп күндері.
Алматы мен Достықтың арасы 846 км жол, жолға кететін уақыт – 17 сағ.35 мин. Билет құны 11 мың теңгеден басталады.
«Тальго» пойыздарының арнайы орындарына ерекше қажеттіліктері бар жандар үшін жол жүру құжатының жалпы құнынан 70% жеңілдік қарастырылады. Билеттерді кассадан немесе https://bilet.railways.kz сайты арқылы комиссиясыз сатып алуға болады.
Сонымен қатар Алакөл бағытында жазғы мезгілде 8 бағдар бойынша жолаушылар пойыздары қатынайды:
● №53/54 «Астана-Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ );
● №122/6941/6942/121 «Астана-Достық» пойызы(жеке тасымалдаушы «АрайТрансКЗ» ЖШС);
● №221/222 «Алматы – Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);
● №22/6941/6942/21 «Алматы – Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);
● №337/338 «Алматы – Достық» пойызы (жеке тасымалдаушы «Vagon Service Almaty» АҚ;
● №457/458 «Семей – Достық» пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);
● №459/460 «Өскемен – Достық» (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ);
● №6941/6942 «Ақтоғай – Достық» қала маңы пойызы (тасымалдаушы «Жолаушылар тасымалы» АҚ).