К 30-летию Независимости Казахстана | 22 желтоқсан 08:25

Астанадан Бурабайға жаңа жылдық вагондары бар электр пойызы жолға шықты

Билет құны 1800-2400 теңге аралығында, деп хабарлады Информбюро порталы.

Астана-Көкшетау электр пойызымен күн сайын жаңа жыл мерекесіне орай брендтелген екі вагон қатынайды. Вагон интерьерін қазақстандық қолөнершілер безендірген.

Жаңа жылдық экспресс күн сайын таңғы сағат 06:03-те «Нұрлы жол» вокзалынан шығып, 09:57-де Бурабай курорты станциясына жетеді. Кері қайтатын рейске туристік пойыз сол күні сағат 19:15-те аттанып, Астана-1 станциясына сағат 22:18-де, «Нұрлы жол» вокзалына сағат 23:00-де келеді.

Қала маңы тасымалы филиалы – «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директорының орынбасары Сергей Балашовтың айтуынша, пойыз алты вагоннан тұрады. 377 жолаушы сыяды. Вагон класына байланысты билет құны 1800-2400 теңге аралығында:

І класс – 2400 теңге; ІІ класс – 2200 теңге; ІІІ класс – 1800 теңге.

«Менің ойымша, бұл өте жақсы баға. Біз бәсекелестерімізді қадағалап отырамыз. Мысалы, Бурабайға қатынайтын такси құны 4000-5000 теңге аралығы, ал автобуспен 3 000 теңгеге жетесіз», – дейді Сергей Балашов.