К 30-летию Независимости Казахстана | 11 ноября 15:04

«Астрахан–Маңғышлақ» магистралі: Батысқа таза су

  «Астрахан–Маңғышлақ» магистральді су құбыры Батыс Қазақстан халқының үштен бірінен астамын сумен қамтамасыз етеді.

Бүгінде ол өнеркәсіптерге, коммуналдық шаруашылыққа және Жаңаөзен қаласы мен жеті ауданның халқына су жеткізеді. «ҚазТрансОйл» АҚ-ның еншілес кәсіпорны – «Магистральды Су Құбыры» ЖШС 2025 жылдың 9 айында тұтынушыларға 20 млн м³ су жеткізді.

Аталған су құбыры 1989 жылы пайдалануға берілген және 35 жылдан астам уақыт Атырау мен Маңғыстау облыстарының суы тапшы, қуаңшылық аймақтарын Еділ өзенінің тұщы суымен қамтамасыз етуде.

2023 жылы желтоқсанда су құбырының жұмысы қайта жанданды. «ҚазТрансОйл» АҚ ауқымды жаңғырту жұмыстарын жүргізіп, тозған учаскелерін ауыстырып, жүйелерді жаңартты.

Нәтижесінде, магистральдің өткізу қабілеті тәулігіне 110 мың м³-тен 170 мың м³-ке дейін артты. Жүргізілген жұмыстардың арқасында су құбыры бүгінде тұрақты жұмыс істеп тұр әрі жеткізілетін су көлемінің ұлғаюын қамтамасыз етуде.