2022 жылы астық түсімі 17,7 млн тонна көлемінде жоғары болады деп күтілуде. «ҚТЖ» ҰК» АҚ-да орылған астықты сапалы тасымалдауды қамтамасыз ету үшін арнайы штаб құрылған. Жол бөлімшелерінде жедел астық топтарының тәулік бойы жұмысы ұйымдастырылды. Биылғы жылдың жеті айында 5,1 млн тонна астық тиеліп, оның 4 млн тоннасы экспортталды. Ұн тиеу өткен жылға қарағанда 21%-ке, яғни 1,6 млн тоннаға дейін өсті. Экспорт 38%-ке артты. Қазақстан астығын теміржол көлігімен экспорттауға барлық бағыттар ашық.
Тасымалдау процесін оңтайландыру үшін астық пен ұнтақталған өнімдерді маршруттық пойыздармен жөнелту ұсынылады. Бұл жүктерді жеткізу мерзімін қысқартуға және вагондар айналымын жеделдетуге мүмкіндік береді.
Кеңес барысында жүк жөнелтушілер тасымалдауды ұйымдастыру бойынша өз ұсыныстары мен сауалдарын алға тартты. Астық тасымалдау үшін жылжымалы құрам тапшылығы орын алуы мүмкін екені де айтылды. Бұл вагондардың қазақстандық жеке меншік иелері бағамдық айырмашылыққа байланысты жалға беру тиімдірек болғандықтан жылжымалы құрамды басқа теміржол әкімшіліктеріне бағыттайтынымен байланысты болып отыр.
Лаура Талғатқызы