К 30-летию Независимости Казахстана | 12 августа 13:13

Асыл жүздік: жеке шеберліктен – қуатты ұжымға

«Ембімұнайгаз» АҚ корпоративтік мәдениетті нығайтуға бағытталған Асыл жүздік» жобасын өткізді. Компанияның өндірістік-құрылымдық бөлімшелерінің жүз қызметкерінің басын қосқан іс-шара осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр.

Бағдарлама «Мен», «Біз», «Бір» принципіне негізделген үш кезеңнен құралды. Бірінші бөлімде қоғам қайраткері Айдын Ізбасар өзара көмек пен сенімнің негізі ретіндегі «Асар» дәстүрі туралы тренинг өткізді. Одан кейін корпоративтік чемпионат өтіп, қатысушылар он командаға топтасып,  эрудиция, стратегиялық ойлау және бірлесе жұмыс істеу қабілеттерін шыңдап, интеллектуалдық және спорттық сайыстарда бақ сынады.

 

 

«Бір. Қуатты ұжым» атты қорытынды кезең бірліктің, бірін-бірі шынайы қолдаудың нәтижесінде біртұтас командалық рухтың қалыптасатынын көрсеткен шығармашылық бағдарламалар форматында өтті. Чемпионат қорытындысы бойынша: бірінші орынды – «Қайрат», екінші орынды «Қыран» және үшінші орынды – «Жігер» командалары жеңіп алды.

Сондай-ақ, қатысушылар өз араларынан ортақ іске ең көп үлес қосқан 10 әріптестерін таңдады. Үздік деп танылғандарға арнайы марапаттар табысталды. Соңғы түйін ретінде бірлік пен компания болашағы үшін ортақ жауапкершіліктің символы ретінде ортақ гимн шырқалды.

 

«Ембімұнайгаз» АҚ Бас директорының кадр және әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Қайрат Әбенов жеке дамуға, кәсіби өсуге және көшбасшылық қасиеттерді ашуға мүмкіндік жасау әрбір қызметкерді ғана емес, тұтас компанияны нығайтып, жоғары өндірістік көрсеткіштерге қол жеткізуге тікелей ықпал ететінін атап өтті.

«Асыл жүздік» жобасы «Ембімұнайгаз» АҚ-ның басты күші – оның адамдары, олардың кәсібилігі, жауапкершілігі мен өз ісіне адалдығы екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.