«Атбасар локомотив құрастыру зауыты» магистральдық электровоздардың 100 секциясын, магистральдық электровоздардың 200 секциясын және маневрлік тепловоздардың 60 секциясын шығаратын болады.
Іс-шараға қатысушыларға арнаған сөзінде Марат Ахметжанов жоба тек саланы ғана емес, бүкіл өңірді дамытатынын атап өтті.
«Мен үшін бүгін облыс аумағында - локомотивтерді өндіру бойынша тарихы мол темір жол торабы болып табылатын Атбасар қаласында заманауи зауыттың құрылысын бастау үлкен мәртебе. Мемлекет басшысының елдің берік өнеркәсіптік қаңқасын қалыптастыру, экономикалық өзін-өзі қамтамасыз етуді қамтамасыз ету жөніндегі алға қойған міндеті шеңберінде «Қамқор Локомотив» жобасы жүзеге асырылуда және өңірдегі ірі жобалардың бірі болып табылады. Бұл жобаны іске асыру өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, сондай-ақ халықтың жұмыспен қамтылуы мен табысына оң әсер етеді», - деді өңір басшысы.
«Бірінші кезең шамамен 3-4 жылға созылады, бастапқы кезеңде 80 адам жұмыс істейді – бұл негізінен жобалаушылар. Бірте-бірте кадрлық әлеует 800 адамға дейін жеткізіледі. Болашақта Локомотив элементтерін оқшаулау, дайындау жоспарлануда. Болашақ зауыттың алаңы жұмыс істеп тұрған вагон жөндеу зауытының жанында арнайы таңдалған», - деді жаңа зауыттың директоры Жанатбек Адамбаев.
Айта кетейік, зауыттың құрылысы 2025 жылы басталады. Жеке инвестициялық жобаның құны шамамен 47 млрд теңгені құрайды.