К 30-летию Независимости Казахстана | 04 июня 18:18

Атом саласы үшін кадрлық резерв қалыптастырудың алғашқы қадамы жасалды

Атом саласы үшін кадрлық резерв қалыптастырудың алғашқы қадамы: ҚБТУ «Уран өндірісі» деген атаумен жаңа бакалавриат бағдарламасы ашылды.

Қазақстан-Британ техникалық университетінде «Уран өндірісі» атты жаңа бакалавриат бағдарламасы іске қосылды. Бұл – тәуелсіз Қазақстан тарихында атом саласының ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескере отырып жасалған алғашқы мамандандырылған академиялық бағдарлама.

Бағдарлама «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясының мамандары мен КБТУ жетекші оқытушыларының белсенді қатысуымен әзірленді. Оның мақсаты – уран өндіру, өңдеу және ядролық отын циклі салаларында жұмыс істейтін кәсіби мамандардың жаңа буынын жүйелі түрде даярлау.

Оқу бағдарламасы инженерлік-техникалық пәндермен қатар, орнықты даму, ядролық қауіпсіздік, өнеркәсіптік автоматтандыру және ресурстарды басқару сияқты қолданбалы бағыттарды да қамтиды.

Студенттерді алғашқы қабылдау 2025 жылдан басталады.