Құжатқа сәйкес, Атырау мұнай өңдеу зауыты Талғайран ауылының маңында орналасқан Соколок каналының бойына үш жыл ішінде 10 мың түп ағаш отырғызады.
Абаттандыру жұмыстарын жүргізу үшін Атырау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы орман қорынан 20 гектар жер бөлді. Бұдан бөлек, Атырау қаласын көріктендіру мақсатында АМӨЗ биіктігі 3,5-4 м құрайтын жабық тамыр жүйесі бар, жетілген 200 түп күлтелі ағашты Атырау қаласы әкімдігінің балансына тапсырды. Ағаштар ретро-саябақ аумағында отырғызылады.