Қазіргі кезде баяу кокстеу қондырғысынан (БКҚ) өзге, зауыттың барлық технологиялық қондырғылары қалыпты режимде жұмыс істеп тұр. Баяу кокстеу қондырғысында апатты тоқтау салдарынан бітеліп қалған жабдықты тазалау жұмыстары жүргізілуде. Бұл қондырғы шикі кокс өндіруге арналған, мұнай өңдеу көлеміне немесе басқа мұнай өнімдерінің өндірісіне әсер етпейді.
Жоспар бойынша баяу кокстеу қондырғысы 9 шілдеге дейін іске қосылады.
«АМӨЗ» ЖШС әлеуметтік маңызы бар мұнай өнімдерін тұтынушыларға жинақталған қор есебінен жөнелтуді жалғастырып жатыр.
Кәсіпорын 1-6 шілде аралығында:
24 мың тонна АИ-92 автобензинін; 9 мың тонна АИ-95 автобензинін; 40 мың тонна дизель отынын; 3 мың тонна авиаотын жөнелтті.Атырау мұнай өңдеу зауыты 3 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағ. 17.25-те МАЭК жылу электр станциясында болған апатқа байланысты жұмысын тоқтатқанын еске саламыз. Технологиялық регламентке сәйкес апатты жағдайдың алдын алу мақсатында электр энергиясының сыртқы желілерін толық қалпына келтіргенге дейін зауыттың отын желісі факелге жіберілген еді.
З шілде сағ. 19:35-те «KEGOC» АҚ тарапынан электр қуаты қайта беріле бастады.
Қазіргі уақытта кәсіпорын қалыпты режимде жұмыс істеп тұр.
АМӨЗ баспасөз қызметі