К 30-летию Независимости Казахстана | 11 марта 17:50

Атырау мұнай өңдеу зауыты баяу кокстеу қондырғысында жоспарлы жұмыстарды бастайды

«Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-нің (АМӨЗ) баяу кокстеу қондырғысында 2026 жылдың 11 наурызынан бастап жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізіледі. Шамаман 10 күнге созылатын технологиялық іс-шаралар пештің өнімдік иректүтігін бумен жағып тазарту үшін қажет. Бұл процедура ҚР СТ 3517-2020 ұлттық стандартының талаптарына сәйкес құбырлардың ішкі бөліктерін кокс шөгінділерінен регламенттік тазарту аясында жүзеге асырылады және жыл сайын ҚР Энергетика министрлігі бекітетін мұнай өңдеу зауыттарындағы жоспарлы алдын алу жұмыстарының кестесіне енгізіледі.

Баяу кокстеу қондырғысындағы жоспарлы жұмыстар АМӨЗ-дің наурыз айында жеңіл мұнай өнімдерін өндіру жоспарын орындауға әсер етпейді. Бұл кезеңде зауыт тәулігіне 3,5 мың тонна бензин, 4,5 мың тонна дизель отыны және 0,6 мың тонна авиаотын өндіруді жалғастырады.

Баяу кокстеу қондырғысында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталған кезде ҚР мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты. Қазіргі уақытта өңірлерде жеткілікті қор қалыптасқан. Атап айтқанда, бензин мен дизель отынының қоры 40 күндік тұтыну көлемін құрайды, ал авиаотын қоры 70 күндік тұтыну деңгейінде.

Анықтама: Баяу кокстеу қондырғысын пайдалану барысында жоғары температураның әсерінен және ішінара термиялық крекинг реакциясының жүруіне байланысты пештің иректүтігі кокстенеді. Өнімдік иректүтікті бу-ауа қоспасымен тазарту — қондырғыны пайдаланудың ажырамас бөлігі. Бұл технологиялық жабдықтың сенімді жұмысын қамтамасыз етуге және штаттан тыс жағдайлардың алдын алуға бағытталған жоспарлы операциялық іс-шара болып саналады.