Қазір кәсіпорын Энергетика министрлігі бекіткен жоспарға сәйкес сұйытылған мұнай газы, автобензиндер мен дизель отынын өндіріп, жөнелтуде.
Еске сала кетсек, 29 қазанда каталитикалық крекинг қондырғысы белгіленген мерзімнен бұрын тұрақты жұмыс режиміне шығарылған. Одан бір апта бұрын технологиялық қондырғылардың бірінші кезеңі сәтті іске қосылды.
Биылғы жоспарлы алдын ала тексеру жұмыстар аясында 2 753 бірлік бақылау-өлшеу аспаптары мен автоматика құралдарын тексеру, 723 бірлік электр қозғалтқыштарына техникалық қызмет көрсету, тексеру және сынау, 62 бірлік қосалқы станция жабдығын тексеру және сынау, жоғары қысыммен жұмыс істейтін 803 бірлік түтікшені, сондай-ақ 1 539 бірлік технологиялық құбырды техникалық және өнеркәсіптік қауіпсіздік сараптамасынан өткізу шаралары жүзеге асырылды.