Қазіргі уақытта мұнайды бастапқы өңдеуге арналған ЭЛТҚ-АҚ-2 қондырғысында іске қосу-баптау жұмыстары, ал каталитикалық крекинг, сұйытылған көмірсутекті газдарды күкіртсіздендіру (Sulfrex) және бутендерді олигомеризациялау қондырыларында іске қосу алдындағы жұмыстар жүргізілуде.
Жабдықтар кезегімен технологиялық режимге шығарылып, өндіріс көлемі біртіндеп ұлғайтылады. Қазіргі таңда тауарлық дизель отыны жөнелтіліп жатыр, АИ-92 маркалы автобензині жөнелтуге дайындалуда.