Бұл іс-шаралар жабдықтың сенімділігін, технологиялық процестердің тұрақтылығын қамтамасыз ету және жалпы өндірістік тиімділікті арттыру мақсатында жүргізіледі.
ЖАЖ аясында 20 реактор, 213 сыйымдылық, 32 колонна және 231 жылу алмастырғыш жабдықты міндетті техникалық куәландыру, сондай-ақ құбыр желілерінің жекелеген учаскелерін ауыстыру жоспарланған.
Бірқатар технологиялық қондырғыларда жалпы көлемі 335 тоннадан астам катализаторларды ауыстыру көзделген. Сонымен қатар жеңіл мұнай өнімдері – автобензин, дизель және авиациялық отын өндірісін ұлғайту мақсатында ЭЛТҚ АВҚ-3 қондырғысында вакуумдық колоннаның ішкі құрылғыларын ауыстыру жоспарлануда.
Ластаушы заттардың атмосфераға таралуын барынша азайту мақсатында жабдықтарды тазалау процесі жабық дренажды жүйеде жүргізіледі.
Жөндеу жұмыстарына шамамен 1685 маман мен 53 бірлік арнайы техника тартылды. ЖАЖ барысында еңбекті қорғау, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуына ерекше назар аударылады.
Жанар-жағармай материалдарының ішкі нарығында тұрақтылықты сақтау мақсатында ЖАЖ кезінде мұнай өнімдері алдын ала жасақталған қор есебінен жөнелтіледі. Қазіргі таңда зауыттың резервуарлық паркінде жиналған қор көлемі: 38 мың тонна автобензин, 31,3 мың тонна дизель отыны және 6,8 мың тонна авиациялық отын қоры жинақталған.
Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері нарығында жағдай тұрақты: АИ-92 маркалы бензин қоры 34 күндік тұтыну мөлшерін, ал дизель отыны қоры 32 күндік тұтыну мөлшерін құрайды.
Биылғы 10 шілдеден бастап технологиялық қондырғылар кезең-кезеңімен пайдалануға беріледі деп жоспарланған.